Спорт • 22 Сәуір, 2021

Спорттық жүрістен Қазақстан құрамасы Қырғызстанда жаттығып жатыр

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық жүрістен Қазақстан құрама командасы Қырғызстанның Чолпан-ата аймағында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттық жүрістен Қазақстан құрамасы Қырғызстанда жаттығып жатыр

Аталған жаттығу жиыны Олимпиада ойындарына кезекті дайындық кезеңі ретінде саналады. Спортшылар құраманың аға жаттықтырушысы Наталья Ермоленконың жетекшілігімен шеберліктерін шыңдап жатыр. 

Жеңіл атлетиканың аталған санаты бойынша Қазақстан құрамасында Олимпиада ойындарына екі жолдама бар. Спорттық жүрістен құрама мүшелері Грегорий Шейко мен Айман Ратова жолдама иегерлері. 

Кезекті оқу-жаттығу жиыны 26 сәуірге дейін жалғасады.