Қазақстан • 22 Сәуір, 2021

Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілетін едәуір арттыратын заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің 70%-нан кем емес құрамы, байқау арқылы сайланатын, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын болады.

Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады

«Қоғамдық кеңестердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту, қоғамдық бақылау нысандарын регламенттеу жөніндегі шаралар да көзделген. Ең бастысы, ҮЕҰ тиісті жағдай жасап, бастамаларды үнемі көтермелеп отыру қажет. Әрине, бұл саладағы барлық мәселені бір мезетте шешіп тастау мүмкін емес. Сол себепті, өткен жылдың соңында осы саладағы мәселелерді шешу үшін Президент Жарлығымен алдағы 10 жылға арналған Азаматтық қоғамды дамыту Концепциясы мен оған тиісті үлкен іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл екі кезеңнен тұратын, саны мен сапасы жағынан өте ауқымды шараларды біріктіретін құжат. Қабылданған түзетулерді ескере отырып, жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық есеп ұсынылады», деді вице министр.

АҚДМ мәліметінше, Орталық Азиядағы үкіметтік емес ұйымдар ең көп тіркелген ел – Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдар саны 100-ден 22 мыңға дейін артқан. Оның 5 мыңнан астамы әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуде мемлекетке сенімді серіктес болуға даяр белсенді ұйымдар.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15