Мәскеуде жартылай финалға бірнеше күн бойы іріктеу өтті. Оған Ресей, Беларусь, Ураина, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Израиль, Аустрия, Аустралия, Нидерландыдан 80-ге жуық музыкант бақтарын сынады. Онда қазақстандық MeZzo тобы АВВА тобының репертуарынан, Westside story мюзиклінен әндер орындады. Сондай-ақ өздерінің авторлық әндерін де шырқады.
19-25 тамыз аралығында Сочиде өтетін байқаудың финалына 20 әртіс өтті.
MeZzo-классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған, топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-ші орынға ие болған.
Айта кетейік, балалар арасындағы «Новая волна» іріктеуінде финалға 11 жастағы Қазақстандық Жан Маким өтті. Іріктеу үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы мыңнан аса қатысушылар арасынан Жанды таңдап алды.
Гаухар ҚАПАШ