60 кило салмақта Елнұр Сүйінбай жапониялық Рейко Цуцумимен қолғап түйістірді. Біздің жігіт бойының да, қолының да ұзындығын ұтымды пайдалана алмады. Бұл бәсекеде жапон жігіті өзінің сауатты тактикасы мен жанкештілігінің арқасында жеңіске жетті. Елнұр күміс медальді еншіледі.