Әлем • 25 Сәуір, 2021

Индонезияда сүңгуір қайық экипажының опат болғандығы жарияланды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия билігі 21 сәуірден бастап байланысқа шықпаған, елдің әскери теңіз күштерінің (ӘТК) KRI Nanggala 402 сүңгуір қайығының суға батқандығын мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезияда сүңгуір қайық экипажының опат болғандығы жарияланды

Онда 53 адамның мерт болғаны атап өтілген. Барлап тексеру нәтижесінде сүңгуір қайық 850 м тереңдікте табылған.

Сүңгуір қайықтағы оттегі қоры болжам бойынша 23 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 3:00 таусылған. Оны іздеуге Ресей, АҚШ, Франция, ГФР, Үндістан және Түркия ұсыныс жасады.