Аймақтар • 25 Сәуір, 2021

90 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина алды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Абдурахманов вакцина салдыртты, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

90 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина алды

Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемде болып жатқан жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.

Екпеден алдын Қуаныш қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін екті.

«Ойлана келе өз еркімен ковидке қарсы вакцинаны салдырттым. Осылайша біз вирусты жеңеміз. Көпшілікке айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Екпені салдырту қажет деп ойлаймын», дейді ақсақал.

Айта кетейік, Қуаныш қарияның отбасы мүшелерінің барлығы вакцина салдырған.