«Әкім А.Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Астана Опера« театрының маңында Тұран даңғылының бойында 300 емен отырғызу жоспарланған. Емендер аллеясы дөңгелектелген отырғыштар түріндегі демалыс орындарымен абаттандырылады. Ағаштар жайма шуақ күндері жайлы демалыс үшін оңтайлы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз», делінген хабарламада.
Бұл ұсыныс қаланың әр түпкірінде жаппай көгалдандыру көзделген «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспарының шеңберіндегі көп бастамалардың бірі.
Орталық бұған дейін Сарайшық даңғылындағы көпірдің маңында Триатлон паркінде мамыргүл бағы ашылатынын хабарлады. Мамыр айында онда 1 мыңнан астам ағаш егіледі.