Оқиға • 25 Сәуір, 2021

Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып,  25 адам эвакуацияланды

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сәуірдің 25-де сағат 17:45 шамасында Осипенко 1/3 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы пәтердің балконында тұтанған. Төрт шаршы метр аумақты шарпыған өрттен үй заттары жанды.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 26 қызметкер және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Aрнайы құтқару баспалдағының көмегімен 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.