23 сәуір күні сағат 16:27 кезінде Шымкент қаласы Жібек жолы көшесі 39/4 үйде орналасқан «Көктем» базарына мониторинг жүргізілді.
Оның барысында дүкен қызметкерінің карантинді сақтамай келушілерді қабылдап, жұмыс жасап жатқаны, бұнымен қоса қызметкерлерінің бір реттік бетпердесіз жүргендіктері анықталды.
Айта кетейік, дүкенде келушілердің дене қызуын өлшейтін құрал, диз-кілемше және антисептик болмаған.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.