Руханият • 26 Сәуір, 2021

Әр қаламгердің ағашы бар

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді елордамыздың көркін ашып тұрған «Қаламгерлер аллеясынан» өтіп бара жатсаңыз, алдыңыздан «алақайлап» ақын-жазушылардың ағашы шығады. Әрқайсысының өз есімі бар. Сүйікті авторыңызды сол маңнан іздеп табасыз. Өз қолымен отырғызған көшеттің алдындағы тақтайшаға аты-жөні жазылған.

Әр қаламгердің ағашы бар

 

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп түсінген дана хал­қымыз көрегендіктің көркем үл­гісін көрсетсе керек. Оны о бас­тан түйсінген астаналық қалам­герлер бірден осындай игі іске өз үлесін қосуға ниеттеніп, кө­­те­ріңкі көңіл күймен жиналды.

Қаламға серт еткен жандар қатар-қатар саябақтың Абай көшесіне қараған жағында 25 түп ағаш отырғызды. Кәрі-жа­сына қарамай бәрі де бір-бір күрек ұстап, жас көшеттің жай­қалып өсуіне тілектерін білдірді. Жазушылармен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орын­басары Бақтияр Мәкен мен Бай­қоңыр ауданының әкімі Нұр­бол Нұрсағатов та білек түріп, жұмысқа кірісті.

 «Қойшығара Салғараұлы ағамыздың «Бұл сенбілікке алдымен өздеріңді көруге келдім. Пандемия жағдайында көп жүріп-тұра алмағандықтан, осын­дай ел-жұрт қатысатын жұ­мысқа келгеніміз бір жағы­нан қаланың тазалығына, эко­логиясына қосқан пайдалы үле­сіміз болса, екінші жа­ғы­нан жүздесуімізге де сеп бол­ғаны жақсы ғой», деген сө­зінде жан бар деп ойлаймын. Бүгін «Қаламгерлер аллея­сын­да» отырғызған ағаштар ер­теңгі болашақтың ағаларға де­ген құрметін арттыруға сеп болатыны сөзсіз», деді Қазақ­стан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы­ның директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Аталған шараға қа­зақ әде­­биетінің көрнекті өкіл­дері Сұлтан Оразалин, Қой­шы­­ғара Салғараұлы, Әлібек Ас­­қаров, Несіпбек Айтұлы, Толымбек Әді­райым, Сәдібек Түгел және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысты. Мү­­шелікке өткен жас буын да аға­ларымен бірлесіп, саябақтың сәнін келтірді.

Байқоңыр ауданының әкім­дігі ұйымдастырған ыстық шай мен бауырсақ та қаламгер қа­уымның көңілін көтеріп, жұ­мыс­тан кейін емен-жарқын ди­дарласуға дәнекер болды.