Президент • 26 Сәуір, 2021

Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.

Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.