Өнер • 26 Сәуір, 2021

Иманбек Зейкенов Forbes рейтингіне ұсынылды

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Иманбек Зейкенов ресейлік Forbes-тің жыл сайынғы «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» рейтингіне үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Иманбек Зейкенов Forbes рейтингіне ұсынылды

Тізімге ТМД-да бірінші болып «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірді. «Музыка» аталымында Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорама да төбе көрсеткен.

Енді Иманбек Зейкеновке сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады.

Сарапшылар Forbes рейтингіне үміткер 100 адамды анықтайды. Кейін қазылар алқасы, редакция мен оқырман әр аталымдағы үш үміткерден Топ-30-ды таңдайды.