Кино • 26 Сәуір, 2021

Оскар жеңімпаздары марапатталды

553 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лос-Анджелесте 93-ші «Оскар» сыйлығының иегерлері анық­талды. Биыл «Оскардың» басты фильмі ретінде Хлоя Чжаоның «Көшпенділер мекені» (Nomadland) фильмі таңдалып, бірден үш аталым бойынша («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актриса») жүлдеге ие болды.

Оскар жеңімпаздары марапатталды

Ал «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша Pixar-дың «Жан» (Soul) мульт­фильмі үздік шықты. Ол сондай-ақ «Үздік музыкасы» үшін де марапатталды.

«Екінші пландағы үздік ак­тер» номинациясының жеңім­пазы «Иуда мен Қара Мессия» фильміндегі рөлі үшін 32 жастағы Даниэль Калууя атанды. Ал 73 жастағы оңтүстіккореялық актриса Юн Ен-Джунға «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» марапаты бұйырды.

«Үздік шетел фильмі» но­ми­нациясын «Оскар» Томас Вин­тер­бергтің «Жаппай ішу» комедиялық-драмалық фильмі жеңіп алды. Ал «Үздік визуалды эффекттер» номинациясы бойынша Кристофер Ноланның «Довод» кинокартинасы марапатталды. «Үздік деректі фильм» жеңімпазы – Netflix Original-дың «Менің сегізаяқты мұғалімім» фильмінің режиссерлері Пиппа Эрлих пен Джеймс Рид болды. Эмиральд Феннелл «Үздік сценарий» сыйлығын «Үміт қызы» дебют фильмі үшін алды.

Сондай-ақ «Үздік қысқа метраж­ды фильм» – Трэвон Фри мен Мартин Десмонд Роу­дың «Екі бейтаныс жан» атан­са, «Манк» туындысының авторлары үздік операторлық жұмыс және көркемдік қойылым номинациясы бойынша «Оскар» жеңіп алды. Ал «Үздік саундтрек» әнші H.E.R.-дің «Иуда және Қара Мессия» фильміндегі Fight for You әні деп танылды.

Айта кетейік, Netflix ірі ағын­дық қызметі номинация саны жағынан алға озып, 16 санатта 35 номинацияға қол жет­кізді. Номинациялар саны бойын­ша екінші орынға Disney ор­талығы шықты. Оның үле­сінде 15 номинация. Пан­демияға бай­ланысты жеңім­паз­дарды жа­риялау салтанатына 170 адам қа­тысты.