Аймақтар • 26 Сәуір, 2021

Әскери бөлімге 28 жыл

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің құрылғанына 28 жыл толды. Еліміздің тыныштығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі директивасының негізінде 1993 жылы 26 сәуірде Жарма ауданының Қалбатау ауылында 27943 әскери бөлімі құрылды.

Әскери бөлімге 28 жыл

Әскери бөлімнің құрылуы мен қалыптасуына әр жылдарда басқарған басшылардың сіңірген еңбектері зор. Қарулы күштерде өзіндік орны бар бөлімнен түлеп ұшқан офицерлер бүгінгі күні жауапты қызметте еңбек етіп жүр.

Өскемендегі әскери бөлімге 2019 жылдың 4 қыркүйегінде Қорғаныс министрінің бұйрығымен Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың есімі берілді. Мұндағы жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі де үнемі жоғарыдан көрініп келеді. Атап айтсақ, «Шұбаркөл» полигонында Ресейдің Қарулы Күштерімен бірлескен «Өзара қимыл – 2008» оқу жаттығуы, 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлескен жедел тактикалық оқу жаттығулары, «Көктал» оқу полигонындағы «Айбалта –2015», «Шығыс» оқу полигонындағы «Айбалта – 2016», «Шығыс» оқу полигонындағы жаттығулары дәлел.

Бұдан былай да подполковник Аслан Кітапбаев басшылық ететін бөлімнің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық маңызды аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқара бермек.