Экономика • 27 Сәуір, 2021

Доллар тағы арзандады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың 1 теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар тағы арзандады

Доллар бағамы 26 сәуірдің кешімен салыстырғанда 0,60 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,34 теңге болды. Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 85 теңге.

Kurs.kz сауда-саттық желісі бойынша Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430,32 теңге, сатып алу – 428,81 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы сату бағамы – 429,07 теңгеден болса, ал сатып алу құны 430,13 теңге.