Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты

1993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты

«Әкемнің жағдайына қатысты дәрігерлер кейінгі төрт күндегі көрсеткіштерге сүйеніп, «аса ауыр» деген баға беріп отыр. Осыдан екі жарым жыл бұрын әкем жүрегіне күрделі ота жасатқан болатын, соның да әсері бар ма деп ойлаймыз. Қазір ол ИВЛ  аппаратына қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы 5-6 күн ішінде жағдайы жақсарып қалуы мүмкін», деді Біржан Хасанғалиев.

Оның айтуынша, анасы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып келеді. Жақын күндері жансақтау бөлімінен шығарылады.

«Бүкіл халық болып ата-анамның тілеуін тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр, содан болар бізде сенім пайда болды. Дәл қазіргі арманымыз - ата-анамыздың аман-есен ортамызға оралуы», деді ол.