Экология • 27 Сәуір, 2021

Семейдегі полигон аумағында қауіп жоқ

1356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы 2008 жылы ядролық сынақтардың полигон аумағына және оған жақын жерлерге әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейдегі полигон аумағында қауіп жоқ

Орталық 2021 жылы Семей сынақ полигоны жерлерінің радиоактивті ластануын тексеруді аяқтауды жоспарлап отыр. Мамандар судың, ауаның, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайын зерттеді. Зерттеудің кейбір әдістерін ҚР Ұлттық ядролық орталығы әзірлеген. Бүгінгі таңда полигон аумағының 90%-ға жуығы тексерілді.

Қоршаған орта жағдайының мониторингі қоршаған орта мен халықтың қауіпсіздігіне әсер ететін радиациялық жағдайдың теріс өзгерістерін уақытында анықтауға мүмкіндік береді.

Полигон аумағындағы және одан тыс жерлердегі ауа және су ортасын зерттеу үшін арнайы зертханаларда одан әрі талдау үшін сынама алу жүргізілетін мониторинг пункттері құрылды. Қазіргі уақытта 4 ауа ортасын бақылау пункті және 8 су ортасын бақылау пункті бар. Барлығы 22 мониторинг пунктін құру жоспарланып жатыр.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері ауадағы радиоактивті элементтердің ең көп мөлшері тікелей ядролық сынақтар жүргізілетін жерден табылғанын көрсетті. Бұл ретте полигонның ластанған учаскелерінен тыс «ұзақ өмір сүретін» радиоактивті элементтер (америй, цезий немесе стронций) табылған жоқ.

Нәтижесінде, мониторинг жалпы полигонда және одан тыс жерлерде ауа және су ортасының ағымдағы радиациялық жай-күйі тұрақты және халық үшін қауіп төндірмейтінін көрсетті. Ядролық сынақтар жүргізілген алаңдарының радиоактивті ластанған учаскелері бұған жатпайды.

Биыл Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады.