Орган қызметкерлері қызыл балықты заңсыз аулауға қатысы бар адамдарды іздестіру және анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. ҰҚК қызметкерлері соталды тергеу басталғанын айтады.
Айта кетейік, 26 сәуірде Маңғыстау облысындағы Қызылсай табиғи паркінің аумағында инспекторлар арқар атқан төрт қарулы адамды ұстаған болатын. Броконьерлер полицейлерден жасырынуға тырысқанымен, көп ұзамай қолға түсті.
Сондай-ақ ұсталғандар арасында екі полиция қызметкері болғаны анықталды. Олар қызметінен босатылған.