Оқиға • 28 Сәуір, 2021

Толғанай Хасен: «Бала дауысы» бала арманын орындайды

519 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дәл осы күндері Әлия Назарбаева қорының авторлық жобасы «Жандану әлемі» – ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының алтыншы маусымына қашықтан іріктеу өтіп жатыр. Үміткерлерді анықтау мамыражай мамырдың бел ортасына дейін жалғаспақ. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп келе жатқан байқауға Нұрсұлтан Назарбаев қоры алты жыл бойы ресми серіктес болып келеді. Кішкентай таланттарды танытып жүрген байқаудың атқарушы продюсері Толғанай Хасен газетімізге байқаудың биылғы ерекшеліктері мен талаптары жөнінде айтып берді.

Толғанай Хасен: «Бала дауысы» бала арманын орындайды

– Байқау идеясымен барлы­ғымыз таныспыз, десе де сах­на­ның арғы жағындағы атқа­рылып жатқан жұмыстан хабарымыз аз. Осы жылы балалар­ды іріктеу кезеңіне шақыру нау­қаны қалай өтіп жатыр?

– Барлық балаларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жаңа маусымның басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шын мәнінде, тұрақты негізде жүзеге асырылатын жобалар жыл сайын көп күш пен шығармашылықты қажет етеді. Қашықтан іріктеу ке­зеңінің басталуы туралы кеңі­нен ақпараттандыру мақсатында, бірінші кезекте, өңірлердің әкім­діктерімен, жалпы орта білім беретін оқу орындарымен, маман­дандырылған музыка мектеп­терімен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Қо­сым­­ша танымал жаңалықтар пор­талдарында және медиа-ре­сурстарда онлайн-кастингке қа­тысу шарттары, сондай-ақ конкурсты өткізудің негізгі кезең­дері жазылған мақалалар орналастырылды. Республикалық телеарналардың эфирінде жарнама форматында анонстық роликтер көрсетілді. Осылайша, бастапқы кезеңде жұмыстың негізгі бөлігі атқарылды.

– Шынында да, осындай ауқымды конкурсты өткізу үшін мық­ты іргетас қалау қа­жет. Ал­тын­шы маусымның ірік­теу кезеңінде қай аймақтар белсенді?

– Бүгінгі таңда 1 562-ден астам өтінім қабылданып, өңделді. Біз ата-аналарға, балаларға және олардың мұғалімдеріне өтініш беруге деген байыпты және жауапты көзқарасы үшін өте ризамыз. Биыл жас таланттардың шығармашылығын жеке-жеке мақтауға тұрарлық. Кейбір балалар теледидарда көрсетуге болатын дайын клиптерді жібереді. Іріктеу кезеңінің қатысушылары әртістік, би шеберлігі, сахналық бейнелердің жарқын көріністері бейнеөтінім­дер деңгейін жоғары көтерді. Өңір­лер бойынша көш­басшылар Маңғыстау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары алдыңғы орында. Таны­мал композицияларға ке­летін болсақ, біздің жас орын­дау­шыларымыздың таңдауы әр- түрлі. Балалар негізінен батыс эстрадасының танымал хиттерін, қазақ халық әндерін орындайды және біздің байқауымыздың авторлық әндері үміткерлер арасында танымал болғаны қуантады.

– Тағы бір мәселе, біз әлеу­меттік желілердің рөлі мен қа­шық­тан араласу мүмкіндігінің арт­қанын түсіндік. Осы форматта балалармен қандай жұмыс жүргізіледі?

– Иә, жас достарымыз сияқты біз де әлеуметтік желілерде белсендіміз. Бұл үнемі жүргізіліп жатқан жұмыс. Тұрақты негізде, әр апта сайын Instagram-дағы тікелей эфирлер арқылы біз репертуарды, вокалды дамыту жаттығуларын таңдауға көмек көрсету мақсатында байқаудың музыкалық продюсері Данияр Өтегенмен кездесулер өткіземіз.

– Ал ұйымдастырушылар осы жолғы маусымнан қандай үміт күтеді және балаларға қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Бірінші кезекте, біз қаты­суға өтінім жіберген әр баланы мақтан тұтатынымызды айт­­қым келеді. Біз балалардың таланты мен батылдығына таңданамыз. Балаларға артар үміт немесе қандай да бір міндеттемелер жоқ. Мүмкін сондықтан балалар өз қабілетін жан-жақты көр­сетіп, емін-еркін жүріп, бізді қуан­та беретін шығар. Мұндағы мақсатымыз – әр балаға назар аудару, шығармашылығын шыңдау, балалардың арманын орындау. Ал алтыншы маусымның финалист-балаларын вокал, ак­терлік шеберлік, хореография бойынша жеке сабақтар кү­тіп тұр. Олармен 7-9 қазан ара­­лы­ғында Нұр-Сұлтан қала­сын­да өтетін финалдық концерт­тік бағ­дарламаларда өнер көрсету үшін қайталанбас және ерекше сахналық образ жасау үшін режиссерлер, графика және жа­рық бойынша суретшілер, дизайнерлер, стилистер жұмыс істейтін болады. Айтпақшы биыл балалар музыкалық топтың сүйе­мелдеуімен музыкалық шы­ғар­маларды орындайды. Іріктеу кезеңінің әрбір қаты­сушысы атау­лы дипломдар ала­ды, ал финалистер бағалы сый­лықтармен марапатталады. «Бала дауысы» жеңімпазы кон­курстың алғашқы күндерінен бастап тағайындалған атаулы білім беру грантының иегері болады.

– Әңгімеңіз үшін көп рахмет, Толғанай! Барлық «Бала дауысы» шығармашылық ұжымына сәттілік тілейміз!

 

Әңгімелескен

Ая ӨМІРТАЙ,

«Egemen Qazaqstan»