Қоғам • 28 Сәуір, 2021

Елордадағы ҰОС ардагерлеріне 195 159 583 теңге төленеді

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы төлемдер мына кісілерге жоспарланған:

Елордадағы ҰОС ардагерлеріне 195 159 583 теңге төленеді

-  Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);

- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілер; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) - 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (708 адам);

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар;

Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары - 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (415 адам);

- еңбек ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да адамдар (Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар; тыл ардагерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелі) – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2695 адам).

Барлығы 3843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарланған.