Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Наурызбай ауданындағы 5-шағынауданда тағы жеті көшенің атауын белгілі мемлекет қайкерлерінің құрметіне беру туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді

Еске сала кетейік, Алматыда 100-ден астам көше жаңа атауға ие болатыны туралы жазған болатынбыз.

Таужолы шағынауданындағы Щедрость көшесін саяси қайраткер Капитолина Крюкованың есімімен атау ұсынылды. Наурызбай ауданы бойынша Қалқаман-2 шағынауданындағы 5-көшені – Сергей Дьяченко, 7-көшені – Валерий Хрищатый есімімен атау, ал Проектируемая көшесіне композитор Базарбай Жұманиязов есімін беру ұсынылды.

Сарапшылар Тастыбұлақ ықшамауданындағы Айболит-2 көшесін Медеу шатқалындағы селден қорғайтын бөгеттің құрылысын басқарған ғалым, инженер Алексей Хегайдың есімімен атау қажет деп санайды.

Ал Ақжар шағынауданында Карьерная көшесінің орнына Қилыбай Медеубеков көшесі пайда болуы мүмкін. Наурыз шағынауданындағы Интернациональная көшесін мемлекет қайраткері Саламат Мұқашевтің құрметіне өзгереді. Алматы әкімдігі мен мәслихатының бұл қаулысын 12 мамырға дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылауға болады.