Қоғам • 28 Сәуір, 2021

Н.Назарбаев 2025 жылы халық саны 20 миллионнан асатынын айтты

88 рет көрсетілді

Тұңғыш Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында 2025 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан асатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1993 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін адамдар қайда барарын, не істерін білмей қалды. Біздің елге келген әртүрлі халық өкілдері қайта қоныс аударғысы келді. Біз оларға таңдау еркіндігін бердік. Сол сәтте Қазақстаннан 3 миллионға жуық адам кетті. Содан кейін халық саны 14 миллионға дейін азайды. Бүгінде халқымыздың саны 19 миллионға жуықтады. 2025 жылға қарай 20 миллионнан асып түсеміз», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Соңғы жаңалықтар

Ертең төрт өңірде үсік жүреді

Ауа райы • 17 Қыркүйек, 2021

Ұқсас жаңалықтар