Пікір • 29 Сәуір, 2021

Елдің сенімді тірегі

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тақыры­бы­на шығарма жазғаным есімде. Онда мектеп түлегінің қара­пайым ғана арманы баяндалған еді. Адамдар бір-біріне құрмет­пен қарайтын, бейбітшілік салтанат құрған қуатты әрі үлкен мемлекетте өмір сүру жайлы ойымды қағазға түсіргенмін.

Елдің сенімді тірегі

Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елордасы еліміздің түкпір-түкпірінен және әлемнен адамдар үшін тартылыс нүктесі болуын және Қазақстан халқының жыл сайын өсуін армандаған екен. Мен де осы бағыттағы үрдістен тыс қалмай, өзімнің «шағын ассамблеямды» құрдым.

Грузин этносының өкілі болып саналатын өзімнің өмірлік серігімді жеті жыл бұрын Киев әуежайында кездестірген едім. Көп кешіктірмей, оны Қазақстанға алып келдім. Сол сәтке дейін ол Қазақстан жайында көп біле бермейтін. Ал қазір біздің үш баламыз бар. Нино Қазақстанды бірден ұнатты, қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көреді.

2012 жылы Елбасы этномәдени бірлестіктердің Қазақстанға инвестиция тартуы керек екенін тапсырған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан немістері 20-дан астам инновациялық технологияны алып келіп, олар ауыл шаруашылығында, құс өсіруде, ет пен сүт өңдеуде табысты іске асырылып жатыр.

Елбасы үнемі этномәдени бірлестіктер елдер арасындағы достықтың көпірі болуы керектігін айтып келеді. Ол үшін жақын арада жаңадан Қазақ-неміс орталығы ашылады.

Ассамблея – мемлекеттің сенімді тірегі, ал Қазақстан немістері еліміздің нағыз патриоттары екенін сеніммен айта аламын. Өйткені Отаны бірдің – жүрегі бір, жүрегі бірдің – тілегі бір!

 

Евгений БОЛЬГЕРТ,

Қазақстан немістері «Возрождение» бірлестігінің қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары