Сауда-саттық қорының мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 28 сәуірдің кешімен салыстырғанда 1,49 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 427,81 теңге болды.
Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 33 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,77 теңге, сатып алу – 427,28 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,50 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 428,60 теңге.
Айта кетейік, АҚШ ақшасы үш күн қатарынан арзандап жатыр. 28 сәуір күні 0,24 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,18 теңге болды.