Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Каспий итбалығының құтқарылған төлі теңізге жіберілді

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құлалы аралында Каспий теңізіне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген «Pusa caspica» итбалығының төлі шығарылды, ол наурыз айының соңында ауыр халде табылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий итбалығының құтқарылған төлі теңізге жіберілді

Қауқарсыз әрі әлсіз итбалық төлін Баутино кентінде жергілікті тұрғындар тауып алған еді. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған. Оның салмағы 4 кг-дан сәл артық болатын (қалыпты жағдайда 10-12 кг).

Құтқару жұмыстарын Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионымен бірлесіп «Қалқан» шекара катерінде жүргізді.

Жануарды толық қалпына келтіру Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында (КИЗОО) өтті, онда барлық қажетті ветеринариялық және оңалту іс-шаралары жүргізілді.