Кей ақпарат көздері мұндай оқиға трибунаның құлауынан болған деп хабар таратты. 100-ге жуық адам жарақат алды. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Жаралылар Сафед, Нахария, Хайфа, Тиберия және Иерусалим ауруханаларына жатқызылды.
Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.