Әлем • 30 Сәуір, 2021

Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды

3461 рет көрсетілді

Қырғыз елінің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды. Бұл туралы экс-президенттің адвокаты Замир Жоошев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Құқық қорғаушының айтуынша, 1 сәуір күні тексеру кезінде жүректің коронарлық ауруы, ФК 2 кернеуінің стенокардиясы, атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және бірнеше диагноз қатар қойылған.

«Дәрігермен жеке әңгіме барысында маған коронарлық артерия кальцификациясы науқасты инфарктқа дейінгі жағдайға алып барады», деді Замир Жоошев.

Оның айтуынша, Атамбаевқа отыруға болмайтынын ескерткен.

«14 сәуірде «Қой-Таш» оқиғалары бойынша қылмыстық істі қарайтын судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім шығарды.

Сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша Атамабаевқа Қырғызстанда немесе шетелде толыққанды медициналық ем алу мүмкіндігі беріледі деп ойлаймын», дейді құқық қорғаушы.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен экс-президент қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар

Бір облыс «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:32

Қазақстанда қанша адам вакцина алды

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Қазақстан • Бүгін, 09:04

Ұлы дала мұралары

Елорда • Бүгін, 08:55

Үздіктер қатарынан көрінді

Спорт • Бүгін, 08:52

Екі жүлде – «егемендіктерде»

Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:50

Тбилисиде топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:48

Кардинг шабуылы

Қоғам • Бүгін, 08:45

Қаламгерге арналған конференция

Қазақстан • Бүгін, 08:34

Азаттық туын асқақтатқан

Қазақстан • Кеше

Елін сүйген Елбасы

Елбасы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар