Қазақстан • 30 Сәуір, 2021

Мәулен Әшімбаев Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айтты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebookтегі парақшасында Халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәулен Әшімбаев Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айтты

Қазақ ән өнерін жаңа биікке көтерген композитор, әнші, Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің қазасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Бұл – ұлт руханияты мен мәдениеті үшін орны толмас ауыр қайғы.

Ескендір ағамыз бүкіл ғұмырын музыка саласына арнап, отандық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосқан дарын иесі. Ол әуезді әндерімен халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше құрметіне ие болды. Әр қазақ жатқа білетін «Атамекен» әні елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатын қайталанбас туынды болып қала береді.

Ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда сақталады. Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025