Өнер • 30 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда «QALLEKI» лабораториясы ашылды

82 рет көрсетілді

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» лабораториясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Зертхана шымылдығы театрдың жас актері Бәзіл Сұлтанғазы режиссерлік еткен Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасымен салтанатты түрде ашылды.

Лабораторияның мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьеса талқылау, жаңа режиссерлермен байланыс орнату сынды көптеген шара жоспарланған.

«Осы театрға басшылыққа келгенде жаңа ғимаратты араладым. Сонда осы залды көріп, көз алдыма спектакль ойнағаны елестеді. Содан кейін Бәзілдің өзі балаларды жинап алып, жаңа қойылымдарға дайындалып жүр екен. «Болам деген баланың бетіне қақпа, белін бу» дейді. Сол жастарға мүмкіндік беру үшін эксперименталды зертхана ашып жатырмыз. Бұл ғимараттағы негізгі екі залымыздан кейінгі үшінші сахна болып отыр. Әрине, мұндай жобалар жер-жерде ашылып жатыр. Бірақ үлкен мемлекеттік театр ішінен лаборатория бірінші рет қолға алынуда. Мұны көпфункциялы зал деп атауға болады. Қалай еркіңе бағындырып, қандай форматта қойылым қоюды өзің шешесің», деді Театрдың көркемдік жетекшісі, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай журналистерге арналған баспасөз конференциясында.

Тағы бір ерекшелігі, Qalleki лабораториясы – елордалықтарға арналған алғашқы кешкі театр. Бұл да жастардың кешкі уақытын театрда өткізуі үшін жасалған әрекет. Мұнда тек қойылымдар ғана емес, драматургтердің пьесаларын талқылау, ақындар кеші, авторлық әндер кеші сынды түрлі шараларды өткізуге болады. Билеттері онлайн сатылады.

«Қоғамдық орындарда өз замандастарыммен сөйлескенде, «Театрға неге келмейсің?» деген сұраққа «Маған қызық емес» деген жауаптар еститінмін. Сондықтан, бүгінгі қойылымда да өз замандастарымыздың проблемасын қозғауға тырыстық. Спектакльде 9 актер ойнайды. Барлығы – Қаллеки театрының жастары. Онда алғашқы махаббат, адам бойындағы сезімдер туралы айтылады», дейді актер, режиссер Бәзіл Сұлтанғазы.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар