01 Мамыр, 2021

Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болады?

1589 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап

Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болады?

Қазақстанда мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге ауысып, еліміздің солтүстігі мен оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы, тау маңындағы аймақтарда жауын-шашын көбейеді. Мамыр айында күн жылынған соң, қайта салқын түсуі ықтимал.

«Көпжылдық мәлімет бойынша, оңтүстік аймақтарда суық күндер мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстікте – айдың соңында аяқталады. Бірақ кей жылдары оңтүстік аймақтарда ызғарлы салқын күндер мамырдың соңында да, ал солтүстік және шығыста тіпті маусымда да болуы әбден мүмкін», делінген болжамда.

3 мамырдан бастап еліміздің көптеген бөлігінде аздаған бұлтты күн райы, температураның жоғарылауы болжанып отыр.  Бірінші онкүндіктің ортасында республиканың кей аумақтарында найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның көп бөлігіне батыс антициклоны әсер етіп, температураның 5-10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Солтүстікте түнде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

«Болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде де салқын күндер келеді. Еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы 5 градус суықты көрсетуі мүмкін, күндіз 10-15 градус жылы болады, ал оңтүстікте түнде +3+10 градус, күндіз +12+20 градус жылы болады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн жылынып, солтүстік аймақтарда нағыз жазғы ыстық күн райы келеді, күндіз күн +25+33 градусқа дейін, ал оңтүстікте - +30+38 градусқа дейін ысиды», дейді синоптиктер.

Мамандар бір айға арналған ауа райы болжамын консультавтік болжам ретінде қабылдап, оның кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін екенін атап өтті.