Елбасы • 02 Мамыр, 2021

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ­– діни наным-сеніміне қарамастан барша қазақстандықтар үшін маңызды әрі салтанатты мереке. Өйткені тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздегі ұлттардың басқа да діни мейрамдарын құрметпен атап өту игі дәстүрге айналды. Біз мәдениетімізді байыту арқылы қоғамымызды адамгершілік пен рухани тұрғыдан нығайтамыз. Елімізде салтанат құрған татулық пен рухани келісім – бәріміздің баға жетпес байлығымыз. Бүгінде қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігі мен толеранттылығы мейірімділік, әділеттілік пен бірлік сияқты құндылықтарды құрметтейтін үйлесімді мемлекет құрудың тірегі болып отыр. Осы жарқын мерекеде баршаңызға тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін!

Соңғы жаңалықтар