Қоғам • 02 Мамыр, 2021

Қазақстанға шетелден 4 мыңнан аса жолаушы келді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Швейцария, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға шетелден 4 мыңнан аса жолаушы келді

1 мамырда елімізге 4 219 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 633 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 975 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 235 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.