Өнер • 02 Мамыр, 2021

«Қазақконцерт» әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынады

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақконцерт» ұйымының әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынады. Онлайн форматтағы іс-шарада Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әндері орындалып, оның өнегелі өнері туралы естеліктер айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазақконцерт» әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынады

Өздерінің естеліктерімен «Қазақконцерт» ұйымының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік Еркімбеков, Қазақстан композиторлары одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров бөліседі. Онлайн форматта Қазақконцерттің жас әншілері мен «Астана мюзикл» театрының әртістері Ескендір Хасанғалиевтің өміршең әндерін жанды дауыста орындайды. Арнайы шығарылым сағат 21:00-де Қазақконцерттің Qazaqconcert Live YouTube арнасында көрсетіледі. Биыл, 30 сәуірде әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.