Теннис • 03 Мамыр, 2021

Мадридте қыздарымыз тегістей ұтылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Испанияның астанасы – Мадридте жүлде қоры 2 549 105 еуроны құрайтын халықаралық турнир өтіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл жарыста қазақстандық теннисшілер сәтсіз өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мадридте қыздарымыз тегістей ұтылды

Бірқатар мықты ойыншының басын қосқан дүбірлі додада Юлия Путинцева алғашқы айналымда ұлыбританиялық Йоханна Контеге жарытып қарсылық көрсете алмады – 4:6, 2:6. Ярослава Шведова да шабысынан жаңылды. Ол тунистік Онс Жаберге жол берді – 2:6, 3:6. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде аустралиялық Айла Томляновичтің тас-талқанын шығарды – 6:4, 6:0. Екінші кезеңде жерлесіміз WTA тізімінде 15-орында тұрған Элиза Мертенспен шеберлік байқасты. Бұл тартыс осыдан үш жыл бұрын Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, соңғы жылдары қатарынан екі мәрте US open турнирінің ширек финалында өнер көрсеткен 25 жастағы Бельгия теннисшісінің пайдасына шешілді – 6:7, 5:7.

Ерлер арасында Александр Бублик мажарстандық Мартон Фучович күш сынасты. Отандасымыз әлемдік рейтингте 43-орынға жайғассса. Қарсыласы одан төрт саты жоғары тұр. Соған қарамастан Бублик бұл бәсекеде басымдық танытты – 7:6, 6:3. Енді ол канадалық Денис Шаповаловпен шеберлік байқасады.