Аймақтар • 03 Мамыр, 2021

Ақтөбеде «Газель» аударылып, бір адам қайтыс болды

2715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе-Орынбор халықаралық трассасында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде «Газель» аударылып, бір адам қайтыс болды

«Ауди» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Мәртөк кентінің маңында қарсы бағытқа шығып, «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен бірге жеңіл көліктің үш жолаушысы және «Газелдің» бір жолаушысы түрлі жарақатпен Мәртөк ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол-көлік ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.