Спорт • 03 Мамыр, 2021

Велошабандоздар Апеннин түбегіне аттанады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 мамырда велошабандоздардың «Джиро д’Италия» көпкүндігі басталады. 112 жылдық тариха бар айтулы жарыстың жалауы биыл 104-рет желбірегелі отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Велошабандоздар Апеннин түбегіне аттанады

Италияның Турин қаласынан бастау алатын дүбірлі дода бірер аптаға созылып, 30-мамырда Миланда өз мәресіне жетеді. Сол аралықта қатысушылар Апеннин түбегінен бөлек, Словения мен Швейцарияның бірқатар аймақтарын басып өтеді. Бағыттың жалпы ұзақтығы – 3479,9 шақырым. Осы жарыста Қазақстанда іргетасы қаланған «Astana-Premier Tech» клубының сапында Вадим Пронский (Қазақстан), Самуэле Баттистелла (Италия), Александр Власов (Ресей), Фабио Феллине (Италия), Горка Исагирре (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Маттео Собреро (Италия) және Харольд Техада (Колумбия) сынды саңлақтар өнер көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы «Джиро д’Италия» додасында Ұлыбританияның «Ineos Grenadiers» клубының намысын қорғаған аустралиялық велошанбоз Тео Гэйган Харттың асығы алшысынан түсті. Екінші және үшінші орындарды «Sunweb» командасының серкелері – нидерландтық Вилко Келдерман мен португалиялық Жуан Педру Алмейда иеленді.