Оқиға • 04 Мамыр, 2021

Кездесу өткізді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Мем­лекеттік хатшы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қы­рымбек Көшер­баев Мемле­кеттік комис­сияның жұмыс топтары же­текшілерімен – ға­лымдар­мен және сарапшылармен кездесу өткізді, деп хабар­лады akorda.kz сайты.

Кездесу өткізді

Кездесу кезінде жұмыс бары­сын­дағы өзекті мәселелерді, әсіресе, архивтерде, оның ішінде шетелдік архивтерде жұмыс істеуді егжей-тег­жейлі зерделеу қарастырылды. Өңір­лік комиссиялар жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көр­сету жөнінде шешім қабылданды.

Қырымбек Көшербаев сондай-ақ бір топ мәдениет және ғылым қайраткерін олар­дың өтініштері бо­йынша қабылдады.