Аймақтар • 04 Мамыр, 2021

Биыл Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеңілдікпен салынатын пәтерлер саны көбейетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады

«Елорданың әр ауданын «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында орталықтандырып дамытудамыз. Сонымен қатар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) ашуға және көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз.

Бүгін қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Тұрғын үй кешендері Алматы ауданында («Метро» жағында) орналасқан. Аумақты абаттандыруға, көгалдандыруға, тұрғын үй кешеніне кіру топтарын құруға ерекше назар аудара отырып, құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды тапсырдым», деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін тұрғын үй санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Егер 2018 жылы 1800, 2019 жылы 2900 пәтер салынып, пайдалануға берілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 7 мың әлеуметтік пәтерге ұлғайтылды. Осы жылы көрсеткішті 10 мың қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үйге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан әрі жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарды сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін 3-ЖЭО (1-кезек, жылумен жабдықтау), КТҚ-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және СЖ-3 (сумен жабдықтау) жобалауын, құрылысын жүргіземіз», деп жазды қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025