Қоғам • 04 Мамыр, 2021

Қазақстанда 65 мыңнан астам полиция қызметкері вакцина салдырған

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирдегі брифингіде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 65 мыңнан астам полиция қызметкері вакцина салдырған

Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаевтың мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерінде қылмыстарды ашқанда және тергеу кезінде, оқиға болған жерді қарау кезінде, жауап алу, қызметтік қоңыраулар өткізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет ету және карантиндік шараларға қатысу кезінде тұрғындармен үнемі байланыста болады.

«Әрине, олар COVID-19-бен ауыру қаупі бар. Сондықтан ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина егудің негізгі тобына кіреді», дейді Сұлтанбаев.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 65 мыңнан астам полиция қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алды.