Аймақтар • 04 Мамыр, 2021

Түркістан облысында 140 мыңға жуық адам вакцина салдырды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 137 834 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина  салдырған. 

Түркістан облысында 140 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Соңғы тәулікте 6680 адам екпе қабылдаған. Олардың басым бөлігі, яғни 21 414-і  медициналық қызметкер болса, 38 508-і педагог және 6139-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Ал екінші компонентпен (ревакцинация)  28 315 адам вакцина салдырған.

Өңір тұрғындарының  934-і  отандық QazVac-тың салынуын қалапты. Бүгінде өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat-Vax  вакциналарын  қабылдай алады.  Басқарма дерегінше, соңғы тәулікте  облыста 34 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім – 0,61%. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған. Ал соңғы тәулікте  зертханаларда 3766 адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 598-і бос.

Айта кетелік, өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4901 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы COVID-19 расталған 5523 жағдай тіркелді. Олардың 3569-да ауру симптомсыз өткен.

 

 

Түркістан облысы