Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентті вакциналау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету және т.б.) 90 күн ішінде вакциналауға рұқсат етіледі.
Вакциналау кестесіне қатысты бұл ұстаным Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры, профессор, РҒА, Гунзцбург академигі А.Гамалейдің 2021 жылғы 22 сәуірдегі мәлімдемесіне негізделген. Вакцинология қағидалары көп дозалы алғашқы вакциналау сериясындағы дозалар арасындағы алты апталық аралықты қолдайды. Сонымен қатар негізгі және қосымша доза арасындағы ұзақ алшақтық В-жасушасының жадысының жетілуіне мүмкіндік береді, нәтижесінде жоғары және тұрақты реакция пайда болады.
Бір реттік дозадан кейін басқа көп дозалы вакциналарды қолдану тәжірибесі жасөспірімдер мен ересектерде алты айға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетеді (мысалы, А гепатиті және адамның папиллома вирусына қарсы вакциналары).
Коронавирус инфекцияларына қарсы вакциналар бойынша ғылыми-зерттеулер жалғасуда. Тиімділік бойынша дәлелді базасы алынған жағдайда, қосымша ұсыныстар ұсынылатын болады.
Сонымен The Lancet ғылыми басылымында 2021 жылы 6 наурызда AstraZeneca COVID-19 вакцинасының Ұлыбритания, Бразилия және Оңтүстік Африка жүргізілген үш қарапайым соқыр рандомизацияланған бақыланбалы зерттеу нәтижесі негізінде дозалар арасындағы аралықты арттырған жағдайда тиімділігі туралы ақпарат жарияланды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес вакцинаның тиімділігі, егер екінші вакцина 12 аптадан немесе одан кейін жасалса, вакцина 81,3% құрайды. Сонымен қатар вакцинаның тиімділігі, егер екі дозаның арасындағы аралық тек 14 күн болса, 66,7% құрайды. Әлемде коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау жүргізгеннен бастап, бұл тәжірибе көптеген елде коронавирус инфекциясына қарсы басқа вакциналарға қатысты қолданылды. Бүгінде Ұлыбритания алынған ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, вакциналарға арналған екпе егу жоспарын өзгертті (Pfizer BioNTech/Оксфорд университетімен және AstraZeneca-мен бірлесіп). Егер бұрын вакцинаның екінші дозасын біріншісінен 21 күн өткен соң салу жоспарланған болса, қазір аралық мерзімі үш айға дейін созылды. Францияда мРНҚ екпесі арасындағы (BioNTech/Pfizer және Moderna компаниясы) 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап 4 аптаның орнына 6 аптаға дейін ұлғайтылды. Ресми деректерге сәйкес Ирландияның Денсаулық сақтау министрі жақын күндері Covid-19 вакцинасының бірінші және екінші дозалары арасындағы аралықты төрт аптадан 12 аптаға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды осы жылдың 25 ақпанында бастаған Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі CoviShield вакцинасымен екі екпесінің аралығын Ұлттық техникалық сарапшылар топтарының ұсыныстары бойынша 28 күннен 90 күнге дейін арттырды, бұл сонымен қатар 4-12 аптадан кейін екінші дозаны енгізуді көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді.
Сонымен коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың тиімділігін зерделеу бойынша алынған ғылыми-зерттеу деректері және әлемнің коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау тәжірибесі екі дозалы вакцинаның алғашқы дозасы КВИ мен ауруханаға жатқызу оқиғаларының төмендеуіне оң әсер ететінін растайды. Сонымен бірге екінші дозаны кейінірек 45 күннен 90 күнге дейін жүргізу иммундық қорғаныстың ұзақтығын қамтамасыз етеді.