«Ақпанда вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда қазақстандықтарды вакцинациялауға 2,3 млн доза ұсынылды. Біз вакцинациялау бойынша қарқынды күшейтіп жатырмыз.
Сәуірде тәулігіне 11 мыңнан 135 мыңға дейін жеткізілді. Азаматтардың таңдауына ерік берілді. Олар қазақстандық, ресейлік және «Hayat Vac» вакциналарынан таңдау жасай алады. 420 мыңнан астам адам 2-ші компонентті алды.
Елдің барлық медициналық пункті мұздатқыштарды сатып алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Логистикалық жүйе орнатылды. Мобильдік бригадалар оқытылды. 11 мың медицина қызметкері вакцинацияны жүзеге асырып жатыр. Ел бойынша 1400 пункт жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 400-ге жуығы көшпелі пункт», деді министр.
Сондай-ақ ол вакцина алғандардың арасында вирус жұқтырғандардың да бар екенін айтты.
«1,5 млн вакцина алғандардың ішінде 0,02 пайызы ғана ауруға шалдықты. Бұл вакцинаның тиімділігін білдіреді», деді Алексей Цой.