Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Атыраулық азаматтан 30 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

3259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 21 жастағы жігіт үйінде 30 келіге жуық бағалы бекіре балығын заңсыз сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық азаматтан 30 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

«Исатай ауданының тұрғыны үйінде жалпы салмағы 29 келі 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балық сақтаған. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» деп мәлім етті  департаменттің баспасөз қызметінен.