Экология • 06 Мамыр, 2021

Елордада Есіл және Ақбұлақ өзендерінің жағасы қоқыстан тазартылды

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» МКҚК-мен бірлесіп қаланың өзендері мен су қоймаларының аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Есіл және Ақбұлақ өзендерінің жағасы қоқыстан тазартылды

Есіл өзенінің 20 км-ге жуық, Ақбұлақ – 7 км, Сарыбұлақ – 4,5 км аумағын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Есіл өзені мен оның аумағынан мамандар 7 тоннадан астам қоқыс жинады.

«Біз қаладағы барлық учаскелерді таза ұстауға тырысамыз. Бірақ көп нәрсе қала тұрғындары мен қонақтарының өздеріне байланысты, олардан табиғатқа, аулаға, көшеге деген құрмет болса, қала жайнап тұрар еді. Тұрғындар, ұйымдар, компаниялар өз тарапынан көмек көрсетіп, қаламызға ұқыпты қарауы керек. Қала бойынша барлық жерде қоқыс жинауға, шығаруға арналған орындар бар, тек арнайы бөлінген орынға апару қажет», деді ведомство өкілдері.