Аймақтар • 07 Мамыр, 2021

«Сүлеймен» спорт кешенін сыйға тартты

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындар саны жыл сайын артып, қанатын кеңге жая түскен Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы тұрғын үйлер мен әртүрлі мақсаттағы ғимараттар қатары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жаңа әлеуметтік нысанмен толықты.

«Сүлеймен» спорт кешенін сыйға тартты

Ел тәуелсіздігінің 30 жыл­дығын атап өту аясында пай­далануға берілген көп са­лалы «Сүлеймен» спорт ке­шені соңғы үлгіде са­лын­ған. Түпқараған ауда­нында спорттық құрал-жаб­дық­тар­мен толық қамтылған 14 ашық спорт алаңы, 5 футбол алаңы, 5 көше тренажері, 4 жабық спорт кешені бар. Биыл оның қатары тағы үш бір­дей спорт кешенімен то­лы­ғады. Ақшұқырда спорт ны­сан­дарының бі­реуі жергілікті бюд­жет қара­жатына салынады. Сондай-ақ Ақшұқыр ауылындағы жаңалық биыл атал­ған аудан­ның Баутин және Қы­зылөзен ауылдарында жалғасын тауып, бұл ауылдарда да спорт кешендері бой көтермек.

Кеше ғана ауыл тұрғын­дары мен қонақтарына, жалпы спорт құмар қауымға есі­гін айқара ашқан заманауи «Сүлеймен» спорт кешенінде 500 адам бокс, гимнастика, суға жүзу сияқты спорттың бірнеше түрімен айна­лыса алады. Спорт кешені жекпе-жек түрлерін дамытуға күш салып жүрген атымтай аза­мат Ибрагим Ақдрашевтың демеушілігімен салынды.

 

Маңғыстау облысы