Аймақтар • 08 Мамыр, 2021

Алматыда 234 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда 2021 жылдың 7 мамыр  күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны тағы да 646 адамның жұқтырып алғаны анықталды, оның 600 симптомдық белгілері бар және 46 симптомсыз, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда 234 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр

Мегаполисте кешегі тәулікте емделіп шыққандар саны – 243 болса, олардың орнына 312 сырқат келді.

Барлық инфекциялық стационарларда 3 399 алматылық індеттен емделіп жатыр адам,оның ішінде 106 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде – 234 сырқат жатыр. Оған қоса 4 659 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 046 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 613 симптомсыз.

Сондай-ақ, соңғы бәр тәулікте Алматы қаласында  3 018 адам вакцинация алды. Биылғы 1 ақпанннан бері Алматыда 247 104 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс істейді, 315 вакцинация бригадасына, 1 282 медицина қызметкері мен көшпелі мобильді бригадалар жұмылдырылған.

 

 

АЛМАТЫ