Ауруханалардан емделіп шығарылғандар саны – 157 болса, орнына келіп түскені – 225 адам.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) 3 513 науқас емделіп жатса, оның ішінде 108 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 222 сырқат бар.
ӨЖЖ – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 68, High flow-да 96 аппарат жұмыс істеп тұр.
Оған қоса 4 480 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 889 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 591 симптомсыз.
Сондай-ақ Алматы қаласында бір тәулік ішінде 1 554 адам вакцинация алды.
01.02.2021-09.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 250 659 адам вакцинацияланды.