Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған велошеруге облыстық, қалалық және Қостанай аудандық мәслихат депутаттары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Таңертеңгілік бір-бір велосипед мінген халық қалаулылары қала шетімен 14 шақырым жүріп өтіп, Тобыл жағалауындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябаққа келіп тоқтады. Велошеруді жол полициясы мен жедел жәрдем көлігі бастап жүрді.
«Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа үлгі көрсету, сол арқылы оларға азаматтық, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ саламатты әрі белсенді өмір салтын насихаттау», деді акцияны ұйымдастырған облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Тибеев.
Депутаттар саябақ алаңында шағын қайырымдылық шарасын өткізіп, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан бірнеше балаға велосипед тарту етті.
«Осыдан бір-екі күн бұрын қалалық білім бөлімінің маманы қоңырау шалып, бізді Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақта тосын сый күтіп тұрғанын хабарлап, 10 мамыр күні осында келуімізді сұрады. Қызым бұл сәтті тағатсыздана күтті. Сөйтсек, тосын сый өзіміз көптен бері арман етіп келе жатқан велосипед екен. Қызымның қуанышында шек жоқ, сыйлық ұнады. Осындай шуақты шараны ұйымдастырушыларға аналық алғысымды айтқым келеді. Бәріңізді биылғы тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын!», деді көпбалалы ана Қымбат Омарова.
Қайырымдылық шарасынан кейін депутаттар саябақтың кіреберісіне жақын жерден арнайы бөлінген алаңқайға жасыл шырша көшеттерін отырғызды.
«Біз жастардың назарын экологиялық мәселелерге аударып, қаламызды таза ұстауға шақырғымыз келеді. Енді бұл көшеттерді алғашқы екі жыл бойы күн сайын суарып отыру керек. Өйткені шырша бастапқыда жақсы күтімді қажет етеді. Әсіресе күн ыстықта сусыз қалдыруға болмайды. Бұл міндетті бүгін бізбен бірге осы шараға атсалысып жатқан ерікті жастар мен студенттер атқарамыз деп отыр», деді автошеруге қатысқан «Большевичка» фабрикасының директоры Әрсен Жетпісбаев.
Тәуелсіздік саябағына 100 шақты шырша көшетін отырғызған халық қалаулылары қала орталығына дейін тағы 6 шақырым жүріп өтті.
БҚО-да жел сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Кеше
Тоқаев пен Путиннің кездесуі 2,5 сағатқа созылды
Президент • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан Президенті Ресей басшысымен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
ТМД саммиті қазан айында өтеді
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Президент • Кеше
«AMANAT» шенеуніктерді жауапкершілікке тартады
Қоғам • Кеше
СҚО-да жеті айда 464 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Кеше
Алматыда қала құрылысының кеңесі құрылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды
Президент • Кеше
Елордада Әуезов көшесі уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Мектеп директорларының жалақысы өсуі мүмкін
Білім • Кеше
Екі облыста дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелді
Елорда • Кеше
Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
Оқиға • Кеше
Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда мектеп салынатын учаскелер белгіленді
Елорда • Кеше
Қазақстанның екі қаласынан Вьетнамға әуе рейстері қатынайды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді
Білім • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Кеше
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Кеше
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Кеше
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Кеше
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Кеше
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар