Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға қатысты видеолар тарады.
Төтенше жағдай 11 мамыр күні Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Жазба сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, параплан электр тарату желілеріне ілініп, үзіп кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, параплан ауа ағынына түскендіктен, басқарылмай қалған.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайын айтты.
«1971 жылы туған науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Диагнозы: жабық бас сүйек, ми жарақаты, ми контузиясы, бірнеше сүйектің сынуы. 2004 жылы туған науқас травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр. Диагнозы: жабық бас сүйек, ми жарақаты, ми шайқалуы, омыртқаның жабық компрессиялық сынуы», деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.