Оқиға • 11 Мамыр, 2021

Алматыда тағы бір емхана вакцина төлқұжатын сатқан

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тағы бір емхана қызметкерлері вакцинация паспортын сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы бір емхана вакцина төлқұжатын сатқан

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері Алматыдағы № 4 қалалық емханада анықталған. Онда медицина ұйымы қызметкерлері жалған вакцинация төлқұжаттарын сатқаны айтылған. Вакцина дозалары 15 мың теңге тұрады деген болжам бар.

«Медицина қызметкерлері, соның ішінде бас дәрігерлердің мұндай әрекеті жаппай вакцинация процесін бәсеңдетеді және құнсыздандырады. Себебі бұл жағдайда дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныс құралдарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жоспарлау бөлігінде статистика өзгереді. Бұл стратегияның кемшіліктеріне әкеледі. Ол қазірдің өзінде саяси мәселе.

Вакциналарды сатып алуға қаржы бөлінеді. Дәл сол жағдайда препарат заңсыз жойылады, яғни салық төлеушілердің ақшасы желге ұшады. Бұл бірінші жағдай емес екенін ескере отырып, мұндай жағдайлардың ауқымы мен ағымын болжауға болады», деп жазды «Медицина и не только» тобындағы жазба авторы.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекетін құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын хабарлады.

«Медицина қызметкерлерінің жалған вакциналау дерегі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді»,  деді ҚДСБ баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Алматыда делдал 15 мың теңгеге бірден бірнеше емхананың атынан вакцинациядан өткені туралы электрон құжат ұсынғаны хабарланған болатын.